ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:
1 қараша итальяндық «Ювентус» футбол клубының құрылған күні
«Ювентус» футбол клубы (толық аты Juventus Football Club SpA латын тілінен аударғанда iuventus – жастар), «Ювентус Турин» деген атпен де белгілі, Италиядағы ең атақты клубтардың бірі. Клубты 1897 жылы 1 қарашада Туринде Массимо Д'Адзело лицейінің бір топ оқушылары құрды. Олардың ең үлкені 17 жаста болды, сондықтан клуб «Ювентус» атауын алды, бұл латын тілінен аударғанда жас дегенді білдіреді.