БАЛАҒА АТ БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

БАЛАҒА АТ БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

📃 Отбасы кодексінің 69-бабына сәйкес баланың атына, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.

✅ Баланың аты ата-анасының келісімі бойынша, ал әкесінің аты әкесінің аты бойынша қойылады.

✅ Баланың тегі ата-анасының тегіне қарай белгіленеді. Ата-анасының тегі әртүрлі болған кезде балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-ананың қалауы бойынша балаға ұлттық салт-дәстүр бойынша әкесі немесе анасы атасының атына сәйкес тегін беруі мүмкін.

❗️Баланың атына немесе тегіне қатысты ата-ана арасында келісім болмаған жағдайда, туындаған жанжалды қорғаншылық және қамқоршылық органы шешеді.

Пікір қалдыру