Баланың сөйлеуінің даму кезеңдері

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Бала сөйлеуінің даму кезеңдері (1 жастан 7 жасқа дейін)
Баланың сөйлеуі 1 жастан кейін біртіндеп дамиды. Әр кезеңнің өзіндік жетістігі бар.
1 жыл 3 ай
Бала шамамен 6 сөз біледі. Қарапайым талаптарды түсінеді, таныс сөздерді суреттен көрсете алады.
1 жыл 6 ай
Өз денесінің 1-2 бөлігін айта алады, 7-20 сөз біледі.
1 жыл 9 ай
Дененің 3-4 бөлігін айтады. 20 сөз біледі. Екі сөзден тұратын сөз тіркестерін қолданады («шай бер», «аралға келді»)
2 жаста
Бұл жаста бала денесінің 5 бөлігін айта алады. 50-ге жуық сөз біледі. Екі сатылы сөз тіркестерін түсінеді («асханаға бар», «орамал әкел»). «Мен», «Сен», «Ол» сияқты сөздерді түсінеді. Сөз тіркесі екі сөзден тұрады. p, b, m, f, v, t, d, n, k, g, h әріптерін айта алады. әдетте s, z, sh, j, ch, r, l әріптерін қалдырады.
2 жыл 6 ай
Сандарды түсіне бастайды. «Не?», «Қайда?» сұрақтарды түсінеді. s, z, l әріптерін айта алады.
3 жаста
Баланың сөздік қоры 250-700 құрайды. Сөз тіркесі бірнеше сөзден тұрады. Көптік жалғауды біледі. «Себебі», «егер», «қашан» сөздерін қолдана алады. Күрделі талаптарды түсінеді («Ыдысқа қасық сал»). Жеңіл ертегілерді естиді, түсінеді.
4 жаста
«Қанша», «орнына», «содан», «қайда» сияқты сөздерді сөз тіркестерінде қолдана алады. Сөздік қоры 1500-2000 дейін. Әріптердің «балаша» жұмсаруы жоғалады.
5 жаста
Баланың сөздік қоры 2500-3000-ға жетеді. Тілдегі барлық әріптерді еркін айта алады. Күрделі сөз тіркестерін қолдана отырып, өз ойын жеткізе алады. Сөздегі әріптердің орын тәртібін өзгертпей сөйлейді.
5-тен 7 жасқа дейін
7 жасқа келгенде баланың сөздік қоры 3500-ге жетеді. Бұл әсерлі сөздердің санын арттырады. Баланың тілге деген зейіні артады. Қоршаған ортаны ауызша бағалауға дағдыландыру. Баланың психологиялық жағдайы оны мектепке дайындайды.

Пікір қалдыру