Қандай жағдайларда зейнетақы тоқтатылады?

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Қандай жағдайларда зейнетақы тоқтатылады?

Тағайындалған зейнетақыны төлеу келесі жағдайларда тоқтатыла тұрады:

- зейнетақы төлеу мерзімі келгенде;

- қатарынан үш айдан астам зейнетақы төлемеуі (үйде уақытша болмауына немесе басқа себептерге байланысты);

- зейнеткерді бас бостандығынан айыру (колонияларда жазасын өтеп жатқан адамдарды қоспағанда);

- зейнеткер психикалық науқастарға арналған пансионаттарда тұрған кезде;

- зейнеткер зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру туралы өтініш білдірген кезде;

- анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаны өтеуден бас тартқан адамдарды жоғалып кеткен жағдайда іздестіру кезінде;

- сенімхат берген адамның оның зейнетақымен қамсыздандыру құқығын растау үшін белгіленген мерзімде келмеуі.

Ақпарат көзі: Зейнетақы қоры

Пікір қалдыру