Ұйғыр хандығы

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Ұйғыр хандығы.

Ұйғыр хандығы — ұйғырлар мемлекеті (744-847). Шығыс Түрік қағанаты аумағында Босміл хандығынан кейін пайда болды. Астанасы – Қарақұрым (Үрхун өзенінің сол жағалауында). Бірінші қаған Құтлұғ Білға қаған тұсында (ұйғырлардың семіз руынан) Алтайдан Манчжурияға дейінгі аумақ ұйғыр қағанына қарады. Моюнчур қаған (Қара қаған) тұсында Ұйғыр хандығы қуатты мемлекетке айналды. Ол солтүстікте қырғыздарды, шығыста кидандарды талқандап, олардың жерлерін өз мемлекетіне қосып алды. VIII ғасырдың ортасында Ұйғыр хандығының құрамына батыста Алтайдан, оңтүстігінде Хинган тауларына, оңтүстігінде Гоби шөлінен солтүстікте Саян тауларына дейінгі аумақтар кірді. Қаған Идигин тұсында Ұйғыр қағанатының әскерлері Қытайдағы өзара соғыстарды пайдаланып, оған басып кірді. 8 ғасырдың аяғында жергілікті байлардың дауы мен бағынышты тайпалардың ұйғыр билігіне қарсы күресі күшейіп, Ұйғыр хандығы құлдырай бастады.

Пікір қалдыру