ҮЙДЕ СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫН АШУ ЗАҢДЫ БА.

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

ҮЙДЕ СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫН АШУ ЗАҢДЫ БА.

⚡️СҰРАҚ;
Үйімде сұлулық салонын ашып, шаштаразмен айналысамын. Бұл жұмысты қалай заңдастыруға болады?

⚡️ЖАУАП:
Бұл кәсіпті заңдастыру үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тізіміне ену керек. Өзбекстан Республикасы Президентінің 08.06.2020 жылғы № PQ-4742 Жарлығына сәйкес шаштараз қызметтерін көрсету де өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тізіміне енгізілген.

🟢 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына қосылу үшін өзіңіз тұратын ауданның салық органына өтініш жазып, жылына бір рет 270 000 сум көлемінде әлеуметтік салық төлеп тұруыңыз керек.Бітті.

🢟 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тізіміне енгеннен кейін, үйде отырып бастаған жұмысыңызды жалғастыра аласыз және төлеген әлеуметтік салық есебінен бір жыл еңбек өтіліңіз есептеледі. Жылына бір рет бес жыл салық төлесең – бес жыл, он жыл төлесең – 10 жыл еңбек өтілің болады.

Пікір қалдыру