Бүгін, 11 қараша - Халықаралық энергия үнемдеу күні

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Бүгін, 11 қараша - Халықаралық энергия үнемдеу күні

«Ресурстар мектебі және энергияны пайдалану жобасы» (SPARE) халықаралық экологиялық желісінің бастамасымен 11 қараша энергияны үнемдеу күні болып жарияланды.
Бұл мерекені ұйымдастыру туралы шешім 2008 жылы сәуірде Қазақстанда өткен SPARE үйлестірушілерінің халықаралық кездесуінде қабылданды.
Ал 2008 жылдың қараша айында әлемде бірінші рет энергия үнемдеу күні аталып өтілді. Бұл мереке халықаралық мәртебеге ие болды, себебі жобаға 20-ға жуық мемлекет қатысуға ниет білдірді.
Мерекенің басты мақсаты – билік пен қоғамның назарын ресурстарды ұтымды пайдалану мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға аудару.
Энергияны үнемдеу мәселесі бір қарағанда әлдеқайда тереңірек. Өйткені энергияны үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады.

Пікір қалдыру