Бүгін, 4 желтоқсан – Халықаралық банк күні

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Бүгін, 4 желтоқсан – Халықаралық банк күні

2019 жылғы 9 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы қабылдаған 74/245 қарарына сәйкес, жаһандық экономикалық тұрақтылықтағы, елдердің қаржылық жағдайындағы және адам өмірінің жақсаруындағы банктердің маңыздылығын ескере отырып, жыл сайын 4 желтоқсанды Халықаралық банк күні ретінде атап өтеді.

2015 жылғы 27 қыркүйекте Аддис-Абебада (Эфиопия) өткен Дамуды қаржыландыру жөніндегі Үшінші халықаралық конференцияның іс-қимыл бағдарламасында жаһандық мәселелерді шешуде қаржы ұйымдары мен банк институттарының рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлінген.

Халықаралық банк күнін тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі банктердің маңыздылығын ескере отырып, ұлттық мүдделерді негізге ала отырып, оған мүше мемлекеттермен, халықаралық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп лайықты атап өту ұсынылады.

Пікір қалдыру