СЫЙЛЫҚ МҮЛІКТІ ҚАЙТАРУҒА БОЛА МА?

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

СЫЙЛЫҚ МҮЛІКТІ ҚАЙТАРУҒА БОЛА МА?
⚡️Сұрақ;
Әкем маған өзінің меншігіндегі үш бөлмелі үйді нотариус арқылы басқа адамға тегін сыйға берді. Енді әкем ол кісіден садақаға берген мүлкін қайтарып ала ала ма?
⚡️Жауап;
Азаматтық кодекстің 507-бабына сәйкес,
🟢 Сыйлықты алушы сыйға тартушының, оның отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайларда, сыйлықтың күшін жоюға сот тәртібімен жол беріледі.
🟢 Сыйлықты алушы сыйға тартушыны қасақана өлтірген жағдайда, сыйға тартушының мұрагерлері сыйлықтың күшін жоюды сот тәртібімен талап етуге құқылы.
🟢 Сыйға алушының сыйға тартушы үшін үлкен мүліктік емес құндылығы бар сыйлыққа қарауы оны толығымен жою қаупін тудырса, сыйға тартушы сот тәртібімен сыйлықтың күшін жоюды талап етуге құқылы.
✅ Жоғарыда аталған себептердің біріне байланысты әкеңіз сотқа беріп, сыйға жіберген мүлкін қайтаруды талап етуі мүмкін.
✏️ Ойдың өзгеруіне, қарым-қатынастың бұзылуына және басқа да ойдан шығарылған себептерге байланысты сыйға тартылған мүлікті қайтару мүмкін емес.

Пікір қалдыру