СЫЙЛЫҚ ҮЙДІ ҚАЙТАРУ БОЛАДЫ МА?

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

СЫЙЛЫҚ ҮЙДІ ҚАЙТАРУ БОЛАДЫ МА?
⚡️Сұрақ;
әкем өз екі бөлмелі үйін нотариус арқылы басқа адамға тегін берді. Енді әкем сол кісіден сыйға алған дүние-мүлкін қайтарып ала ала ма?
⚡️Жауап;
Азаматтық кодекстің 507-бабына сәйкес,
🟢 Сыйлықты алушы сыйға тартушының, оның отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайларда, сыйлықтың күшін жоюға сот тәртібімен жол беріледі.
🟢 Сыйлықты алушы сыйға тартушыны қасақана өлтірген жағдайда, сыйға тартушының мұрагерлері сыйлықтың күшін жоюды сот тәртібімен талап етуге құқылы.
🟢 Сыйға алушының сыйға тартушы үшін үлкен мүліктік емес құндылығы бар сыйлыққа қарауы оны толығымен жою қаупін тудырса, сыйға тартушы сот тәртібімен сыйлықтың күшін жоюды талап етуге құқылы.
❗️ Жоғарыда аталған себептердің біріне сүйене отырып, әкеңіз немесе мұрагерлеріңіз сотқа шағым түсіріп, сыйға жіберілген мүлікті қайтаруды талап ете алады.
✏️ Ойдың өзгеруіне, қарым-қатынастың бұзылуына және басқа да ойдан шығарылған себептерге байланысты сыйға тартылған мүлікті қайтару мүмкін емес.

Пікір қалдыру