Талибандардың жылдық табысы қанша?

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Талибандардың жылдық табысы қанша?

«Талибан» қозғалысының негізгі табыс көзі - есірткі саудасы, кен өндіру, салықтар мен алымдардан жылына 1,6 миллиард доллар. Талибандар ақшаның көп бөлігін жалақыға, қару -жарақ пен қозғалыстың содырларын даярлауға жұмсайтыны айтылады.

Салыстыру үшін Ауғанстанның өткен жылғы бюджеті 5,5 миллиард долларды құрады.

Әлемдегі апиынның 84% Ауғанстанда өндірілетіні атап өтілді.

2020 жылы елдің кеніштерінен түскен пайда шамамен 464 миллион долларды құрады. Бұған қоса, Талибан басқаратын жолдардағы жүргізушілер мен сатушылардан жылына қосымша 160 миллион доллар жинайтыны айтылады. Бұл қозғалыс елге өз қалауы бойынша әкелінетін тауарларға тариф енгізеді екен.