Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезіндегі талап қою мерзімі.

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезіндегі талап қою мерзімі.

С: Ерлі-зайыптылар 5 жыл бұрын ажырасып кеткен. Бұрынғы әйелі 5 жылдан кейін сотқа арызданып, неке кезінде сатып алған ортақ мүлкін алға тартты. Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Бұл қаншалықты дәл?

Жауап: Отбасы кодексінің 27-бабында некелері бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу туралы талаптары бойынша талап қоюдың 3 жыл мерзімі белгіленген.

✅ Жоғарыда айтылғандардың негізінде соттың талап арызды қанағаттандырудан бас тартуы заңды болып табылады.

Пікір қалдыру