Магистратурада оқитын қыз-келіншектерге келісім-шарт ақысы төленеді

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 7 наурызда қол қойған жарлығы негізінде 2022/23 оқу жылынан бастап мемлекеттік жоғары оқу орындарының магистратурасында оқитын барлық әйелдердің келісімшарт бойынша төлемақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленетіндігі анықталды. Бұл аталған жаңашылдықты енгізу тәртібін анықтайтын үкіметтің шешімі қабылданды.

Оған сәйкес, мемлекеттік жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылданған және оқитын әйелдерге негізгі төлем-контракт сомасы (шәкіртақысыз) толық көлемде төленетін болады.
Ол үшін талапкерлер қыркүйектің 15-іне дейін өзі оқитын жоғары оқу орнының ректорына (филиал директорына) өтініш беруі қажет. Осының негізінде ректорлар (филиал директорлары) жыл сайын 15 қазанға дейін тиісті бұйрық қабылдайды. 15 қыркүйектен кейін берілген өтінімдер қарастырылмайды және келісім-шарт сомалары қайтарылмайды.
Бұл процедура мемлекеттік университеттермен қатар мыналарға да қолданылады:

— Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы;

— Бас прокуратураның академиясы;

— Экономикалық даму және кедейшілікпен күрес министрлігі жанындағы Бизнес және кәсіпкерлік жоғары мектебі;

— Банк ісі және қаржы академиясы.

Сондай-ақ, бұл тәртіп мемлекеттік емес ЖОО мен Өзбекстандағы шетелдік ЖОО филиалдарында магистратурада оқитын студент қыздарға қолданылмайды.

Пікір қалдыру