Сотқа арыз бермей ажырасу.

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Сотқа арыз бермей ажырасу.

⚡️ СҰРАҚ:
Қандай жағдайларда АХАТ органдарында сотқа жүгінбей-ақ ажырасуға болады?

⚡️ЖАУАП:
«Азаматтық хал актілерін тіркеу ережесіне» сәйкес некені бұзуды АХАТ органдары мынадай жағдайларда жүзеге асырады:

✅ Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болған жағдайда;

✅ Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, олардың арасында кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, егер ерлі-зайыптылардың бірі сотпен хабар-ошарсыз кеткен деп танылса;

✅ Психикасының бұзылуына байланысты емделуге қабілетсіз деп танылса (психикалық ауру немесе психикалық дамуы тежелген);

✅ Жасаған қылмысы үшін 3 жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Пікір қалдыру