Өзбекстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің жекелеген санаттарының жалақысы көтеріледі

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Өзбекстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің жекелеген санаттарының жалақысы көтеріледі

Өзбекстанда 2022 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жекелеген санаттарының жалақысы кемінде 15 пайызға көтеріледі. Бұл туралы жалпыхалықтық талқылауға қойылған «Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы туралы» Президент жарлығында айтылды.

2022 жылы дарынды мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысын біліктілік санаттары бойынша жіктелген келесідей мөлшерде арттыру жоспарлануда:

жоғары санатты мұғалімдерге – кемінде 15 пайыз;

бірінші санатты мұғалімдерге және жоғары және бірінші санаттағы дәрігерлерге – кемінде 10 пайыз;

екінші санаттағы мұғалімдер мен дәрігерлерге – кемінде 5 пайыз.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақылары, стипендиялары мен жәрдемақылары 1,1 есеге өсті.

Пікір қалдыру