20 шілде Имам әл-Бухаридің туған күні

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Бүгін 20 шілде Имам әл-Бухаридің туған күні

Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн әл-Муғира ибн Бардазбех әл-Жуафи әл-Бухари хижри 194 жылы Шәууәл айының 13-і күні – 810 жылы 20 шілдеде Бұхара қаласында дүниеге келген.

Имам Исмаил әл-Бухари – Ислам әлемінің ұлы ойшылы, белгілі мухаддис ғалымы (Мухаддис – пайғамбарымыз Мұхаммед С.А.С.-ның Ислам діні үшін айтқан сөздері мен істері туралы хадистер, хабарлар туралы ғылым) және маңыздылығы жағынан Құраннан кейінгі екінші орында тұрған «Әл Жаме ас Сахих» кітабының авторы.

Хижраның 256 жылы – 870 жылы 1 қыркүйекте 60 жасында Самарқанд облысының Хартанг ауылында қайтыс болып, сонда жерленген.

Пікір қалдыру