Исламдағы алғашқы мешіт

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Исламдағы алғашқы мешіт

Сауд Арабиясының Мәдина қаласындағы Құба мешіті ислам тарихындағы алғашқы салынған мешіт. Оны Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) 622 жылы (1 хижра) салған.
Осы жылдар ішінде мешіт бірнеше рет жөндеуден өтіп, кеңейтілді. 1829 жылы Османлы сұлтаны II Махмұд Құба мешітін толық қалпына келтіруге бұйрық берді. Соңғы жөндеу 1986 жылы өтті.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман мешіт аумағын кеңейту бойынша жаңа жобаны жариялады, бұл мешіттің аумағын 50 000 шаршы метрге кеңейтеді, бұл қазіргі аумақтан 10 есе көп. Жоба аяқталса, мешіт 66 000 намазханды қабылдай алады. Жаңа мешіттің жобасын мысырлық сәулетші Абдел Вахид әл-Вакил жасаған.

Пікір қалдыру