Енді сертификаттардың телнұсқалары электронды түрде беріледі

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап халыққа білім беру жүйесінде кезекті мемлекеттік қызмет іске қосылады. Енді түрлі себептермен жоғалған, бүлінген, жарамсыз болған куәліктердің орнына 5 күннің ішінде телнұсқасын алуға болады.

Осы мақсатта куәліктері жоғалған, жарамсыз, бүлінген азаматтарға арналған Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы телнұсқасын алу үшін (my.gov.uz) арқылы қалыптастырады. Өтініш портал арқылы автоматты түрде аудандық (қалалық) халық білім беру бөлімдеріне олар арқылы білім беру ұйымдарына жіберіледі.

Білім беру ұйымдары мұрағаттық құжаттардың негізінде телнұсқаны беру (немесе бас тарту) туралы қорытынды дайындайды және аудандық (қалалық) халық білім беру бөліміне жолдайды.

Аудандық (қалалық) халыққа білім беру бөлімдері QR-коды бар телнұсқа береді немесе телнұсқаны беруден бас тарту туралы ақпаратты қалыптастырады және Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.

Азаматтар Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүйедегі қызмет нәтижесін автоматты түрде ТЕГІН жүктей алады.

Пікір қалдыру