Жастар кітабына жұмыссыз жастарды енгізуге бола ма?

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Жастар кітабына жұмыссыз жастарды енгізуге бола ма?

⚡️СҰРАҚ;
Мен қазір жұмыссызмын. Жастар тізіміне енгізілгендерге көп жеңілдіктер беріледі екен. Жұмыссыздығыма байланысты жастарды тіркеуге аламын ба?

⚡️ЖАУАП;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.04.2021 жылғы No 250 қаулысымен бекітілген уақытша жұмыссыз жастарға;
- ақы төленетін жұмысы немесе жалақы (кіріс) әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа ұсыныс жасауға дайын немесе оқудан, қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өтуге дайын еңбекке қабілетті жастар; жергілікті еңбек органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген және осы органдарда жұмыс іздеуші ретінде тіркелген азаматтар «Жастар кітабына» енгізілуі мүмкін. (Оқу орындарында оқитындарды қоспағанда)

❗️Жастар кітабына 18 бен 30 жас аралығындағы тұлғалар кіреді

✏️ Сонымен сіз жастар кітабына ендіңіз;

1) Сіздің жасыңыз 30-дан жоғары болмауы керек

2) Сіз шынымен жұмыссыз болуыңыз керек

3) Жұмыспен қамту агенттігінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелу керек

Пікір қалдыру