Әлемдегі ең жеңіл ноутбук

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Әлемдегі ең жеңіл ноутбук

Жапондық Fujitsu компаниясы салмағы 634 грамм Lifebook WU-X/G2 ноутбукін таныстырды. Ноутбуктің дисплейі 13 дюймді құрайды және құрылғы Intel Core i5-1235U немесе i7-1255U процессорымен жабдықталған. Ноутбуктің жедел жады 32 ГБ, ал ішкі жады 256 ГБ-тан 2 ТБ дейін кеңейтілуі мүмкін.

Ол Bluetooth 5.1 және Wi-Fi 6 сымсыз модульдерімен, SD карталарына арналған слотпен және веб-камерамен жабдықталған. Ноутбук корпусы көміртекті талшықтан жасалған. Ол Windows 11 операциялық жүйесінде жұмыс істейді.
Fujitsu Lifebook WU-X/G2 моделінің негізгі бағасы 1,3 мың доллардан басталады.

Пікір қалдыру