Әлемдегі ең көне жануар.

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Әлемдегі ең көне жануар.

Джонатан лақап аты бар тасбақа жер бетіндегі ең кәрі жануар деп танылды. Ол 2022 жылы 190 жасқа толады. Тасбақаның салмағы 440 келі. Ол Әулие Елена аралында тұрады. Ғалымдар Джонатан 1832 жылы дүниеге келген деп есептейді.

Оның 1882 жылы Әулие Елена аралына әкелінгені туралы жазбалар күні бүгінге дейін сақталған. Джонатанның замандастары әдетте орта есеппен 50 жыл өмір сүреді. Тасбақа өзі тұратын аралда 31 губернатордың ауысқанын көрді, осы уақыт ішінде АҚШ-та 40 президент ауысты.
Джонатан бүгінде мал дәрігерлерінің тұрақты бақылауында тұрады.

Пікір қалдыру