24 желтоқсан Өзбекстанның халық ақыны Туроб Толаның туған күні.

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

24 желтоқсан Өзбекстанның халық ақыны Туроб Толаның туған күні.

Туроб Тола (лақап аты, тегі Толахожаев, 1918.24.12 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрбат ауылы – 1990.20.04 Ташкент) – ақын, драматург және кинооператор, Өзбекстанның халық ақыны (1988). Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі (1967)
Алғашқы «Өлеңдер» жинағы 1939 жылы жарық көрді. Одан кейін ақынның «Шодлығым» (1941), «Табассум» (1944), «Бақт тонготары» (1948), «Мүбаракбод» (1949), «Балалар ертегісі» (1950), «Қанотолан көшеқым» (1955), «Таңдамалы шығармалар» (1958), «Оромижон» (1961), «Гүлёр» (1968), «Офтоб Найзада» (1974) сияқты өлең, жыр, дастан жинақтары жарық көрді. Ақынның поэтикалық шығармашылығы лирикалық поэмалардан, әндерден, балладалардан, дастандардан тұрады. Негізінен ән жанрында нәтижелі туындылар жасады. «Хая был», «Сумбула», «Кучалар», «Дүппи тікдім», «Шаштараз әні» т.б.

Пікір қалдыру