Памперс - бір рет қолданылатын жаялықтарға ұсыныстар

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Памперс - бір рет қолданылатын жаялықтарға ұсыныстар...
#шағын_кеңес

✅ Үйде балаларға памперс кигізу кезінде норманы сақтау қажет. Ұзақ уақыт памперс кию, әсіресе ұл балалар үшін болашақта жағымсыз салдарларға (бедеулікке) әкелуі мүмкін.
✅Балалар шамадан тыс ыңғайсыздықты болдырмау үшін жаялықтарды қысқа мерзімге (яғни емханаға апарғанда немесе қонаққа барғанда) пайдалана алады. Кейбір аналар балаларды күндіз жаялықпен қалдырады, бұл мүлдем дұрыс емес.
✅ Памперсті таңдағанда міндетті түрде оның ауа өткізгіштігіне ерекше мән беру керек.
✅Ұзақ уақыт памперс киген балаларда дәретхана дағдысы қалыптаспайды, соның салдарынан мұндай балалар мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне барғанда қиналады.
Аналар балаларын үйде жаялықсыз бағып, оларға қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектесуі керек.

Пікір қалдыру