Өзбекстандағы ең қымбат көлік нөмірі

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Өзбекстандағы ең қымбат көлік нөмірі

Ташкентте әдемі автокөлік нөмірі аукционда 441,5 миллион сумға сатылды. Бұл Өзбекстанда бұрын-соңды сатылған ең қымбат нөмір.
2021 жылдың алғашқы үш айында өзбектер әдемі нөмірлер сатып алуға 62 миллиард сумдан астам қаржы жұмсаған. Бұл әдемі көлік нөмірлері сатылымға шыққаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Салыстыру үшін, бұл көрсеткіш 2018 жылдың бірінші тоқсанында 12,1 миллиард сум, 2019 жылы 36,2 миллиард сум, 2020 жылы 43,2 миллиард сум болған.
Сонымен қатар, бір нөмірдің бағасы бойынша жаңа рекорд орнатылды. Ташкент қаласына тиесілі нөмір аукционда 441,5 миллион сумға сатылды.
Бұл санда 777 саны бар екені анық, қалған сандар мен таңбалар ашылмаған.

Пікір қалдыру