18 желтоқсан — Халықаралық араб тілі күні

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

18 желтоқсан — Халықаралық араб тілі күні

Араб тілі күні 2010 жылдан бері тойланып келеді.

Халықаралық ана тілі күні қарсаңында БҰҰ-ның қоғаммен байланыс бөлімі ұйымның алты ресми тілінің әрқайсысына мереке белгілеуді ұсынды.

Бұл бастама мәдениетаралық байланысты нығайтуға және көптілді әлемді дамытуға бағытталған.

Халықаралық күнтізбеде араб тілі күні ретінде 18 желтоқсан күні таңдалды.

1973 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы араб тілін Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми және жұмыс тілдерінің бірі ретінде енгізді.

Араб тілі – дүние жүзіндегі тілдердің ішінде кемелдігі мен шешендігі жағынан ең жетілген тіл. Сонымен қатар, араб тілі – 422 миллион адам сөйлейтін ең көп сөйлейтін тілдердің бірі.

Пікір қалдыру