Зімбірдің пайдасы туралы (имбирь)

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Зімбірдің пайдасы туралы (имбирь)

• Қатерлі ісік қаупін азайтады
Зерттеулер көрсеткендей, зімбірдің өткір дәміне жауап беретін гингерол заты қатерлі ісік ауруының даму мүмкіндігін азайтады.

• Ас қорытуды жақсартады
Зімбір ас қорыту жүйесіне оң әсер етеді, ішектің қабынуын болдырмайды, сонымен қатар жүрек айнуын азайтуға көмектеседі.

• Ауырсынуды азайтады
Ғалымдардың айтуынша, 11 күн бойы 2 грамм зімбір қабылдаған адамдар бұлшықет ауырсынуының айтарлықтай азайғанын хабарлады.

• Қандағы қант деңгейін реттейді
2015 жылы жүргізілген зерттеуде 2 типті қант диабеті бар 41 науқас тәулігіне 2 грамм зімбірді тұтынғаннан кейін қандағы қанттың 12%-ға төмендегенін көрсетті.

• Альцгеймер ауруынан қорғайды
Бұл дерттің емі әлі табылған жоқ. Созылмалы қабыну және стресс ауруды тудырады деп саналады. Кейбір жануарларға жүргізілген зерттеулер зімбірдің бұл процестерді баяулата алатынын көрсетті.

• Салмақты азайтады
Дүние жүзіндегі адамдар мүмкіндігінше салмақ жоғалтуға тырысады. Зімбірді тұтыну салмақ жоғалтуға көмектеседі. Өйткені ол зат алмасуды ынталандырады және әрқашан қанықтылық сезімін береді.

⚡️ Қарсы көрсеткіштер: гастрит, ойық жара, асқазан-ішек жолдары, бауыр, жүрек-тамыр жүйесі ауруларында.
Жүктілік және лактация кезінде тұтыну ұсынылмайды.

Кез келген жағдайда зімбірді тұтынбас бұрын дәрігермен кеңесіңіз!

Тамақтану ғылымы (https://t.me/joinchat/UFtOc0gAG-8iTHN6)

Пікір қалдыру