Ажырасқаннан кейін анасы баласын әкесіне көрсетпеуге хақысы бар ма.

ДОСТАРЫМЕН БІРГЕ АКЦИЯ:

Ажырасқаннан кейін анасы баласын әкесіне көрсетпеуге хақысы бар ма.

⚡️Сұрақ;
Ұлым келініммен ажырасқан, келінім немеремді көріп қарсылық танытып жатыр, не істейміз. Біздің келіннің бұған құқығы бар ма?

⚡️Жауап;
Отбасы кодексіне сәйкес, баланы ата-әжесі, аға-інілері, апа-сіңлілері және басқа да жақын туыстары көруге құқылы. Егер ата-ана жақын туыстарына баланы көруге рұқсат бермесе, қорғаншы және қамқоршы орган оларға мүмкіндік бере алады. Сондай-ақ баламен кездесу уақытын белгілеу және оған кедергі жасамау міндеттемесін жүктеп алу туралы сотқа талап қоюға болады.

Қысқасы, келініңіздің сізге баланы көрсетпеуге құқығы жоқ. Іс жүзінде сіз айтқандай мәселе туындаса, сотқа жүгініп, мәселені оңды шешуге болады.

Пікір қалдыру